Мақтааралда жаңа шағынаудан ашылып, 400-ге жуық үй берілді

19 Қазан 2020, 15:33
4129
Бөлісу:
Мақтааралда жаңа шағынаудан ашылып, 400-ге жуық үй берілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Техногенді сипаттағы төтенше жағдай орын алған Мақтаарал ауданының тұрғындары қоныс тойын тойлауда. 

Апат аумағында қираған үйлер қалпына келіп, Мырзакентте жаңа шағынаудан бой көтерді. 386 отбасын қуанышқа бөлеген қоныс той салтанатты түрде атап өтілді. Қоныс иелерінің қуанышымен бөлісу үшін Мақтаарал ауданына арнайы келген Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр, Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Ш.Хамраев, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тұрғындарды құттықтап, баспана кілттерін табыстады.  

Мақтааралда жаңа шағынаудан ашылып, 400-ге жуық үй берілді

Алғаш боп сөз алған ҚР Премьер-министрінің орынбасары, төтенше жағдай жөніндегі республикалық комиссияның төрағасы Роман Скляр мақтааралдықтарды құттықтап, игі тілегін жеткізді. 

Мақтааралда жаңа шағынаудан ашылып, 400-ге жуық үй берілді

Сонымен қатар Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдай кезінде ерекше қызмет атқарған бір топ азаматтарға ҚР Премьер-министрінің алғыс хаттарын табыс етті. Олардың арасында Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев пен Өзбекстан Республиасының төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Абдулла Кулдашов та бар.  


Жаңа шағынаудан тұрғындарының қуанышына ортақтасқан облыс басшысы қиындықтың артта қалғанын айтып, әр отбасы үшін баспаналарының берекелі болуын тіледі. Сондай-ақ облыс басшысы жаңа мөлтек ауданның құрылысына атсалысқан бірқатар азаматқа ҚР Президентінің алғыс хаттары мен «Халық алғысы» медалін табыстады. 

Мақтааралда жаңа шағынаудан ашылып, 400-ге жуық үй берілді

Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы шекаралас екі ел үшін де оңайға соқпады. Апат айтып келмейді. Осы тосын жағдайды естіп, мақтааралдықтардың тағдырына алаңдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Мақтааралға мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетілді. Зардап шеккен ауылдардың әрбір азаматы қамқорлықсыз қалмады. Бүкіл ел болып көмек қолын созды. Қиындықтар артта қалып, осы сәт өмірлеріңіздің жарқын кезеңі болсын. Жаңа қоныстарыңыз жайлы да, берекелі болуына шын жүректен тілектеспін, – деді облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы.  

70 гектар жерде орналасқан жаңа қалашықтағы 386 үйге Жеңіс, Жаңатұрмыс және Достық елді мекендерінің тұрғындары көшіп келетін болады. Мұнда барлық инженерлік инфрақұрылым тартылған. Ауызсу, жарық, жылу мен кәріз жүйесі жасақталып, жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылған. Сондай-ақ жаңа мөлтек ауданда 1200 орындық мектеп пен бала-бақша және дәрігерлік амбулатория салынуда. Балалардың ойын алаңдары орнатылып, ағаштар отырғызылған. Желілік саябақ пен гүл бақтары мөлтек ауданның көркіне көрік қосып тұр. 

Мақтааралда жаңа шағынаудан ашылып, 400-ге жуық үй берілді

Мамыр айында орын алған апат кезінде 30 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тілсіз жаудан құтқарылған халық Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен ашылған 24 эвакуациялық орынға орналастырылды. Мақтааралға бүкіл ел болып көмек қолын созды. 

Көрші елден апат салдарымен күресуге арнайы техникалар мен 200 адам келді. Өзбекстандық жасақ елді мекендерге жайылған суды тазалау мен су сору жұмыстарын жүргізді. Егістік алқаптарды қалпына келтіруге атсалысты. 

Мақтааралда жаңа шағынаудан ашылып, 400-ге жуық үй берілді

Nur Otan партиясы мен басқа да қазақстандық кәсіпкерлер апаттан зардап шеккендерге қолдау көрсетуде елеулі үлес қосты. Еліміздің түкпір-түкпірінен 700 тоннадан астам келген азық-түлік пен гуманитарлық көмек келді. Су басқан аймақтағы әрбір тұрғын республика бюджетінен 100 мың теңгеден қаражат алды. «Болат Өтемұратов қоры» зардап шеккендерге үй салып беру үшін 6 млн доллар бөлді. 

Ресей кәсіпкері Әлішер Усмановтың қорынан эвакуацияға ұшыраған тұрғындар үшін 5,2 млн $ аударылды. Бұл қаржы 5202 отбасына (30 420 адам) 1000 АҚШ долларынан үлестірілді. 

Мақтааралда жаңа шағынаудан ашылып, 400-ге жуық үй берілді

Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуынан зардап шеккен үш ауыл тұрғындары үшін Мырзакенттен жаңа қалашық бой көтерді. 386 үйдің ішінде 196 тұрғын үйі үкімет резервінен бөленген қаражат есебінен, 150 үй Болат Өтемұратов қорының қаржысына салынды. 40 баспана Nur Otan партиясының «Біз біргеміз» қоры мен «Салиқалы ұрпақ» қорларының қолдауымен бой көтерді. 

Мақтааралда жаңа шағынаудан ашылып, 400-ге жуық үй берілді

Біздің қорымыздың құрылтайшысы Болат Өтемұратов қазақстандық меценаттар ішінен алғашқы болып көктемде болған апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуді шешті. Ол 6 млн АҚШ долларын бөліп, оларды апат салдарынан баспанасыз қалған 150 отбасына арнап үй салуға жұмсады. Бұл өңірдің қайта құрылуына ең қомақты үлес және салынған үйлердің ең жоғарғы саны болып есептеледі.  Жобаны іске асыру барысында біз ең жақсы материалды таңдап, жұмыс сапасын қатал қадағаладық. Пандемия мен карантинге байланысты қиындықтарға қарамастан, төрт айдың ішінде жобаны орындадық, – деді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов. 

Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты. Тұрғындардың қуанышын бөліскен Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев баспаналы болған 2 отбасының шаңырағына кіріп, құтты болсын айтты.

Мақтааралда жаңа шағынаудан ашылып, 400-ге жуық үй берілді

Өзгелердің жаңалығы