Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше ғана еліміздің ассамблеясы өмірінде үлкен жаңалық болды. Толығырақ тарқатсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың жарлығымен яғни, 28 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында «Бірлік, Бейбітшілік және келісімнің 30 жылы» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өткен болатын. Осыған орай Павлодар облысы «НҰР АНА әлемі» ҚБ төрайымы Максилова Бакытжамал өз пікірін білдерген еді.
Қасиетті ораза айымен тұспа-тұс келген маңызды шарада облыстық ассамблея белсенділері облыс әкімі А.Скаковпен жүздесуге мүмкіндік туды. Алғаш рет еліміздің барлық өңірлері қатарында Павлодар облысы COVID індеті бойынша шектеулерге орай, аталған шараға онлайн режимінде қатысты.
Сессия барысында мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әрбір сөзін зор ынтамен қабылдадым, бүгінгі күні ассамблеяның атқарып отырған маңызды ролін ескерген Н.Ә.Назарбаев, төрағалық міндетті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевқа бергені біз үшін үлкен жаңалық болды.
Осы Тәуелсіздік жалауын желбіреткен 30 жыл ішінде қоғамдық институт ретінде Ассамблея өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Өткен жылы Пандемия кезінде біздер Аналар кеңесінің ақ жаулықты өкілдері барлық қайырымдылық шараларына белсене араластық. Өз еліміздің мерейін өсіріп, кішкене болса да көмегімізді көрсетуге ниет еттік. Міне, осынау Рамазан айында ақ тілектеріміз қабыл болып, туған еліміз әрі қарай қарыштап дамып, жастарымыз өнегелі, экономикамыз нығайып, мықты елдердің қатарынан көріне берсек дейміз, - деді ол.