Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Макрон: Венесуэладағы алдағы өтпелі кезең бейбіт болуы керек

Кеше, 03:40
579
Бөлісу:
 Sarah Meyssonnier / Reuters
Фото: Sarah Meyssonnier / Reuters

Франция Президенті Эммануэль Макрон Венесуэладағы алдағы өтпелі кезең бейбіт, демократиялық және халықтың еркіне негізделуі тиіс деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ол сондай-ақ Венесуэла Президенті Николас Мадуроны сынға алып, оның билікті басып алып, негізгі бостандықтарды таптап, халық қадір-қасиетіне үлкен зиян келтіргенін айтты.

Макрон бұл кезеңде Францияның аймақтағы серіктестерімен келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті. Ол Франция азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елдің толық жұмылдырылғанын және сергек екенін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы