Макрон ұлттық құрылтайды таратып, мерзімінен бұрын сайлау өтетінін жариялады

10 Маусым 2024, 02:22
438
Бөлісу:
Макрон ұлттық құрылтайды таратып, мерзімінен бұрын сайлау өтетінін жариялады
Фото: aa.com.tr

Франция президенті Эммануэль Макрон халыққа үндеу жариялап, парламенттің төменгі палатасы – ұлттық құрылтайды тарататыны туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы РИА Новости агенттігі жазды.

Мен осы кеште ұлттық құрылтайды таратамын. Жақында жаңа парламенттік сайлауды шақыру туралы декретке қол қоямын. Оның бірінші туры 30 маусымда, екінші туры 7 шілдеде өтеді, - деді Макрон.

Белгілі болғандай, Францияда Еуропарламент сайлауына сайлауда жеңіске жетіп келе жатқан "Ұлттық бірлестік" партиясының басшысы Жордан Барделла жаңа парламенттік сайлау өткізуге шақырған.

Макронның "Жаңару" партиясы екі есе аз дауыспен артта келеді және 15,4%-бен екінші орында тұр. Үшінші орында "Социалистік партия" мен "Қоғамдық орын" партиясынан депутаттар тізімі бар.

Өзгелердің жаңалығы