Франция президенті Эммануэль Макрон Еуропа елдерін Украинадағы қақтығысты реттеу процесіне белсенді араласуға шақырды. Бұл туралы ол Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, Германия канцлері Фридрих Мерц және Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен кезде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Известияға сілтеме жасап.
Украинаның болашағы украиндықтардың өздерінсіз шешілмейді. Еуропалықтар да шешімнің бір бөлігі болады, өйткені бұл олардың қауіпсіздігі туралы, - деп жазды Макрон X әлеуметтік желісінде.
Француз көшбасшысы Париж, Берлин және Лондонның "Украинаны қолдауды жалғастыруға" дайын екенін айтып, бұл үшін тілек білдірушілер коалициясының жұмысына сүйенетінін жеткізді.
Айта кетейік, 7 тамызда Макрон Францияның атысты тоқтату туралы келісімді қолдайтынын және Еуропа мен Украинаның қауіпсіздігіне ықпал ететін келіссөздерді бастауға дайын екенін мәлімдеген болатын.