Макгрегор UFC-дің бұрынғы чемпионынан техникалық нокаутпен жеңіліп қалды

11 Шілде 2021, 12:36
2520
Бөлісу:
Макгрегор UFC-дің бұрынғы чемпионынан техникалық нокаутпен жеңіліп қалды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 11 шілде күні Макгрегор америкалық Дастин Порьеге қарсы жекпе-жек өткізіп, техникалық нокаутпен Порье жеңіске жеткен болатын. Күрескерлер UFC октагонында үшінші рет кездесті деп жазады Lenta.ru. 

Бес раунд өтеді деп жоспарланған жекпе-жек бірінші раундтан соң Макгрегор аяғын сындырып алуына байланысты тоқтатылды. Порьенің спорттық мәнсабындағы бұл 28-ші жеңіс. Ал қоржынында 22 жеңісі бар Макгрегор үшін бұл алтыншы жеңілісі болып отыр. 

 Конор Макгрегор – Дастин Порье алғашқы жекпе-жегі 2014 жылы өтіп, Конор техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді. Ал 2021 жылдың басында өткен екінші кездесуде Дастин атышулы спортшыны нокаутқа жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, ирландиялық аралас стильдегі күрескер Конор Макгрегор бразилиялық Рафаэль Дос Аньоспен төбелесіп қала жаздаған болатын. Оқиға UFC турнирі басталар алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде болған Макгрегор UFC бұрынғы чемпионына тіл тигізген, оқиға соңы төбелеске ұласа жаздаған.

Спортшыларға қасындағылар араша түсіп, тоқтатыпты. Дос Аньос камера алдында ирландиялық күрескермен октагоннан тыс жерде де төбелесуге дайын екендігін мойындады.  

Порьемен көз арбасу рәсімінде атышулы ирландиялық спортшы тағы да қылық шығарып, мінез көрсеткен болатын. Ол америкалықты аяғымен ұрып жіберуге тырысты.


Өзгелердің жаңалығы