Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмуд Сабырхан (54 келі) жартылай финалға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кешкі сессияда ел құрамасынан рингке екінші болып Махмуд Сабырхан көтерілді. Ол ганалық ганалық Мохаммедо Амадумен қолғап түйістірді.
Бірінші раундта төрешілер Махмудтың басымдығына қолдау білдірді. Екінші раундта ол жылдам әрекетімен жеңіске жақындай түсті.
Нәтижесінде қазақстандық боксшы қарсыласын қапы қалдырып, жартылай финалға жолдама алды.
Махмуд Сабырхан 2021 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегері екенін айта кетейік.
Енді А рингінде 8-жұпта Дулат Бекбауов (67 келі) мексикалық Мигел Анхел Мартинеспен сынға түседі.
Сондай-ақ Б рингіндегі 14-жұбында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) өзбекстандық Баходир Джалоловпен сайысқа түседі.