Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың жаңа форматта басылып шыққан «Махаббат, қызық мол жылдар» романының тұсаукесері өтті.
Жақында қалың оқырманның тұмарындай болған шығарманың желісімен түсірілген «Махаббат, қызық мол жылдар» телехикаясы көрермен назарына ұсынылған болатын.
Отырыстың негізгі қонақтарының бірі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы бұл кітаптың фильммен қандай байланысы бар деген сауалға жауап берді.
Дәулеткерей Кәпұлы бұл шығарманың адам өміріне әсері ерекше екенін айтты.Жаңа форматта шыққан кітаптың мәтінінде ешқандай өзгеріс жоқ. Әзілхан Нұршайықов туындысының түпнұсқасы. Баспаның жаңаша шығаруы жақында түсірілген фильмдегі кейіпкерлердің бейнесі негізінде жүзеге асырылды. Бұл баспаның тапқырлығы деп білемін, – деді ол.
Әзілхан ағамыз әрбір кішкене нәрсенің бәрін нәзік қылып, тиянақтап жазады. Осы арқылы оқырманның санасын әп-сәтте билеп алады. Бұл - жазушының асқан шеберлігі. Бүгінгі жаңа басылған шығармасы көптеген жасқа сеп болатыны анық, – деді ол.
Сонымен қатар «Махаббат, қызық мол жылдар» телехикаясында ойнаған Ермек Тұрғанбек Меңтайдың рөлінде өзімен бірге түскен Нарқыз Айдарованың жұбайы екенін айтты.
Оның айтуынша, сериалға түскеннен бастап Ербол мен Меңтайдың рөлін сомдаған олардың өмірін туынды жүз сексен градусқа бұрған.
Бұл шығарма өмірімді жүз сексен градусқа өзгертті. Себебі алдарыңызда өз жолдасымды тауып, отбасы болып отырмыз. Тек қана біз емес, көпшіліктің өмірін өзгерткен шығарма деп білемін, – деді актер Ермек Тұрғанбек.
Олжас АДАЙ