2025 жылғы 26 қыркүйекте Ауғанстанда магнитудасы 4,5 жер сілкінісі тіркелді. 194 км тереңдікте болған дүмпулер қирау мен зардап әкелген жоқ, жағдай бақылауда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ҚР ҰЯО ИГИ деректер орталығының мәліметінше, 2025 жылғы 26 қыркүйек, жұма күні Астана уақытымен 08:17-де (Гринвич бойынша 03:17) Ауғанстан аумағында жер сілкінісі тіркелді.
Сейсмикалық оқиға 194 километр тереңдікте орын алған. Эпицентрі елдің солтүстік-шығысындағы таулы аймақта, 36,78° солтүстік ендік пен 70,86° шығыс бойлық координатында орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы mb шкаласы бойынша 4,5, энергетикалық класы K = 12,3 болды.
Жерасты дүмпулері сезілерлік болғанына қарамастан, жарияланған сәтке дейін қирау мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Оқи отырыңыз: