Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кешеден бері магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу жүріп жатыр.
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.
Бірінші күні тестілеуді 4 612 адам тапсырды.
Кешенді тестілеудің сертификатын жеке кабинеттің «Менің іс-әрекетім» бөлімінен жүктеп алуға болады.
Апелляцияға келіп түскен өтініштер 5 күн ішінде қарастырылады.
Апелляцияға қатысты сұрақтар бойынша 8 (7172) 69-52-66 нөміріне хабарласу керек. Нәтижесі тест тапсырушының жеке кабинетінде көрсетіледі, – делінген хабарламада.