Магистратураға құжаттарды қабылдау қашан басталады

5 Желтоқсан 2023, 05:18
424
Бөлісу:
Магистратураға құжаттарды қабылдау қашан басталады
Фото: Артём Чурсинов

Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-19 желтоқсан аралығында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ал грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады.

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023 жылы 4 желтоқсанда хабарлады.

Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

Оның ішінде "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары"даярлау бағытына 1 758 грант, "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға" 569 грант, "Педагогикалық ғылымдарға" 469 грант, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстарға" 461 грант бөлінген.

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетсек, 2-8 желтоқсан аралығ ында кешенді тестілеу өтуде. Жалпы, тестілеуге 8 мыңнан астам өтініш қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы