Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Магаданнан Аляскаға ресейлік ұшақ қонды: бұл бағытты 400 мыңнан астам адам бақылады

15 Тамыз 2025, 23:50
502
Бөлісу:

"Россия" арнайы ұшу жасағының Ту-214 ұшағы 15 тамызда Анкоридж қаласындағы "Эльмендорф – Ричардсон" әскери базасына қонды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресейдің ірі БАҚ-тарының мәліметінше, бортта Ресей президенті Владимир Путин болған. Алайда танымал ресейлік журналист Павел Зарубин бұл ақпаратты жоққа шығарып, ұшақтың Ресейдің арнайы әуе кемелерінің бірі екенін айтты.

Ресей президенті әлі Аляскаға жетпеген.

Айта кетерлігі, Flightradar сервисінің статистикасына сәйкес, бұл ресейлік ұшақтың ұшуын 400 мыңнан астам қолданушы бақылаған. Бұл – сервистегі рекорд.

16 тамызға қараған түні Аляскада (АҚШ) Дональд Трамп пен Владимир Путиннің келіссөздері өтеді. Бұл – екі ел басшыларының 2019 жылдан бергі алғашқы бетпе-бет кездесуі.

Өзгелердің жаңалығы