АҚШ әскери министрлігінің баспасөз хатшысы Кингсли Уилсон Венесуэла президенті Николас Мадуро қызметінен кетсе, ведомствоның кез келген күтпеген жағдайға дайын іс-қимыл жоспары барын хабарлады. Ол министрліктің жоспарлаумен айналысатынын және кез келген оқиғаға дайын екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Reuters агенттігінің мәліметіне сәйкес, АҚШ президенті Дональд Трамп 21 қарашада Мадуродан бір апта ішінде елден кетуді талап еткен. Мадуро өз кезегінде заңды рақымшылық, АҚШ санкцияларының тоқтатылуы және Халықаралық қылмыстық соттағы ісінің жабылуын талап еткен. Сондай-ақ ол өтпелі үкіметтің жаңа сайлау өткізілгенге дейін Венесуэла атқарушы вице-президенті Дельси Родригестің басқаруын сұраған. Трамптың дереккөздеріне сәйкес, оның талаптарының көпшілігі қабылданбаған.
Трамп 29 қарашада Truth Social желісінде Венесуэла әуе кеңістігі «толығымен жабық» екенін мәлімдеді, бірақ бұл АҚШ әскерінің соққы беруі мүмкін екенін білдірмейді деп түсіндірді. Сонымен қатар, Вашингтон Венесуэла үкіметін есірткі контрабандасына жеткілікті белсенділік көрсетпеді деп айыптайды, ал АҚШ БАҚ мәліметтері бойынша, жақын арада елдегі наркокартель нысандарына бағытталған операциялар мүмкін.