Мадридте төрт жұлдызды қонақ үй ауруханаға айналды

17 Қазан 2020, 07:50
1517
Бөлісу:
Мадридте төрт жұлдызды қонақ үй ауруханаға айналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мадридте төрт жұлдызды қонақ үй коронавирус жұқтырғандарды қабылдауға арналған ауруханаға айналды. Оған тек ауру белгілері жеңіл азаматтар жатқызылады, деп хабарлайды 24.kz.

Жалпы бұл Испания астанасында аурухана ретінде жабдықталған жалғыз қонақ үй емес. Коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу мақсатында Мадридтегі қонақ үй бизнесі қауымдастығының өкілдері бас-аяғы 40 мейманхананы ұсынған.

Айта кетейік, қазір Испанияда эпидемиологиялық ахуал мәз емес. Науқастардың көптігіне байланысты медициналық мекемелерде орын тапшы. Індет басталғалы бері елде 900 мыңнан астам адамнан коронавирустық инфекция анықталған. 33 мыңдай кісі қайтыс болды.


Өзгелердің жаңалығы