81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен дзюдошы Мәди Амангелді Ислам ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Финалдық белдесуде қазақстандық спортшы түркиялық Ведат Албайраққа жол берді.
Еске салайық, 7 қараша күні Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ашылу салтанаты өтті. Жарыста Қазақстан құрамасын 100-ден астам спортшы таныстырып жатыр.
Сауд Арабиясы бұл беделді спорттық шараны алтыншы рет қабылдап отыр. Бұған дейін Ислам ойындары Мекке (2005), Палембанг (2013), Баку (2017) және Коньяда (2021) өткізілген. 2009 жылы ойындар Иранның Тегеран қаласында өтуі тиіс еді, алайда жарыс кейіннен тоқтатылған.
Сондай-ақ бұған дейін қазақстандық дзюдошылар Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шыққаны туралы жаздық.