Мадейрада Қазақстанның құрметті консулдығы ашылады

19 Қазан 2023, 08:43
480
Бөлісу:
Мадейрада Қазақстанның құрметті консулдығы ашылады
Фото: gov.kz

Қазақстанның Португалиядағы елшісі Дәулет Батырашев Мадейра автономиялық өңіріне жасаған жұмыс сапары шеңберінде Фуншал мэрі Педру Каладумен және СӨП төрағасы Джордж Франсумен, сондай-ақ аралдың агенттіктері мен жетекші компанияларының басшылығымен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық дипломат Фуншал басшысына Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі соңғы жетістіктер, елдің жаңа экономикалық бағытының күн тәртібі және халықаралық бастамалары туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

П. Каладу Мадейра мен Қазақстан арасындағы экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастығында әлі де іске аспаған елеулі мүмкіндіктерді атап өтіп, құрметті консулдықтың ашылуы туризм, құрылыс бизнесі, IT-саласы, робототехника және жаңартылатын энергетика сияқты түрлі салалардағы ынтымақтастықты айтарлықтай күшейтетініне сенім білдірді. Келесі жылы Мадейра халқын біздің тарихымыз, мәдениетіміз және салт-дәстүрімізбен кеңінен таныстыру үшін Қазақ мәдениеті мен кино күндерін өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өз кезегінде елші өзара тиімді қарым-қатынастарды кеңейтуге деген қызығушылығын атап өтіп, осы автономиялық өңірдің экономикасында өзара кооперацияны одан әрі нығайту үшін айқын артықшылықтарға ие нақты бағыттарды атап өтті.

Сауда-өнеркәсіп палатасында кәсіпкерлермен кездесу кезінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, экономиканың басым секторлары және индустриялық жаңғырту туралы өзекті ақпарат ұсынылды. Португалдық кәсіпкерлер инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру кезінде нақты преференциялар туралы мағлұматтар алды. Қазақстан мен осы архипелагтың бизнес-құрылымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға деген өзара ұмтылыс атап өтілді.

Д. Батырашев сонымен қатар жоғары технологиялар саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелерді жүзеге асыру перспективаларын талқылау мақсатында өңірдің Зерттеу, технологиялар және инновациялар агенттігінде (ARDITI) болды. Алыс қашықтықтағы ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығару бойынша Atlantic Sentinel жобасы ерекше назарды өзіне тартты.

Мадейра жасанды интеллект орталығының қызметі мен әзірлемелері Қазақстан үшін белгілі қызығушылық тудырды, оның жетекшілерінің бірі - Маркеш Элиану қазақстандық компаниялармен іскерлік ынтымақтастық орнатуға дайын екенін атап өтті.

Туристік саладағы өзара іс-қимыл EUROMAR туристік компаниясының тең-иесі Жоау Бонал Силвамен кездесуде талқыланды, онда еуропалық «Аралдар» санатында үздік деп танылған осы туристік бағытты ілгерілетудің қосымша тетіктері таныстырылды. Португалия тарапының қазақстандық әріптестерді іздеуге, ынтымақтастықты жолға қоюға және осы салада тәжірибе алмасу қажеттілігіне ұмтылысы атап өтілді.

Өзгелердің жаңалығы