Мәдениет және өнер саласындағы төрт ЖОО оқытушыларының еңбекақысы артты

8 Тамыз 2022, 17:33
1514
Бөлісу:
Мәдениет және өнер саласындағы төрт ЖОО оқытушыларының еңбекақысы артты

Мәдениет және өнер саласындағы бірқатар жоғары оқу орындары оқытушыларының еңбекақысы көтерілді. 

Үкімет бұл туралы тиісті қаулы қабылдады. 2025 жылға дейінгі Халықтың табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, ерекше мәртебесі бар мәдениет және өнер саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор-оқытушылар құрамының лауазымдық еңбекақыларының белгіленген мөлшеріне арттыру коэффициентін ұлғайту (1,75-тен 3,5-ке дейін) көзделген. 

Қаулы төрт шығармашылық жоғары оқу орнына қатысты: Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық өнер университеті және Қазақ ұлттық хореография академиясы. 

Қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қалыптасқан қатынастарға қатысты қолданылады, сондықтан осы жылдың өткен айларының еңбекақысы бойынша қайта есептеу жүргізілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы