Мәдениет және ақпарат министрлігінде ҚХА жастары жобасын қолдау мәселесі талқыланды

Бөлісу:
Мәдениет және ақпарат министрлігінде ҚХА жастары жобасын қолдау мәселесі талқыланды
Фото: gov.kz

Жиында Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамалары мен жастар жобаларын жан-жақты қолдау туралы тапсырмасын іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отырысқа Президент Әкімшілігі, жергілікті атқарушы органдар, «Қоғамдық келісім» мекемелері, сонымен қатар ҚХА-ның «Ассамблея жастары» жастар қанатының өкілдері қатысты.

ҚР МАМ өкілдері ведомствоның жастар саясаты саласындағы жұмысы туралы айтып, мемлекеттік органдардың Қазақстан халқы Ассамблеясымен және оның «Ассамблея жастары» жастар құрылымымен ынтымақтастығын күшейтудің маңызын атап өтті.

Отырысқа қатысушылар жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жастар арасында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған жобаларды талқылады.

«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев этникалық жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау, этномедиация, волонтерлік пен қайырымдылықты дамыту сияқты жаңа жобалар мен бастамаларды ұсынды.

Аталмыш жиын қазақстандық жастар арасында этносаралық келісім мен патриотизмге ықпал ететін жастар жобаларын қолдау мен дамытудағы маңызды қадамдардың бірі болды, - деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы