Мәдениет саласы қызметкерлерінің мәртебесін арттыру үшін жұмыс істейтін боламыз - Көлгінов

6 Ақпан 2023, 22:40
1065
Бөлісу:
Мәдениет саласы қызметкерлерінің мәртебесін арттыру үшін жұмыс істейтін боламыз - Көлгінов
Фото: Экспресс К

Мәдениет нысандары – халықтың игілігіне ғана жұмыс істеп қоймай, сол сияқты қаланың визит картасына, тартымды орындарының біріне айналады. Бұл туралы Алтай Көлгінов өзінің әлеуметтік парақшасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа нысандарды салумен қатар, қолда бар нысандарға тиісті деңгейде көңіл бөліп, олардың жай-күйін сақтау қажет.

 Алматыда Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловпен бірге бірқатар мәдениет мекемелерінде болдым: М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және т.б.,- деді  Алтай Көлгінов.

Ол мәдениет саласының қайраткерлерімен кездескенін айтты.

Олардың қатарында Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Мұрат Әуезов және т.б. бар. Кездесуде шетелдік театр ұжымдарымен өзара тәжірибе алмасу, жаңа мәдениет нысандарын салу, қолда бар нысандарды жөндеу секілді өзге де мәселелер көтерілді. Мәселен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ғимаратын қайта жаңғыртуы қажет. Көтерілген мәселелерді шешу бойынша жұмыс қолға алынды. Мәдениет саласы қызметкерлерінің мәртебесін арттыру үшін үнемі жұмыс істейтін боламыз,-  Алтай Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы