Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінді.
Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Маңғыстау облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады, - делінген хабарламада.Ол азаматтардан мүгедектікті беруді заңсыз жеделдеткені үшін жүйелі түрде пара алып отырған деп күдіктелуде.
Күдіктінің кінәсін мойындап, қорғаушының қатысуымен келу туралы жазбаша міндеттемені алғаны үшін процессуалдық ұстау қолданылмады.