Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында газ жарылысынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
26 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 20.40-та Мұнайлы ауданы, Баянды ауылына жақын маңдағы "Матайбаев" жеке кәсіпкерлігінің базасында көлемі 40 текше метр стационарлық сыйымдылықтан сұйытылған газды автоцистернаға айдау барысында ауа-газ қоспасының жарылысы болды. Өрт тұтанған жоқ. Жарылыстан оқиға орнында 1974 жылғы ер адам және 1987 жылғы ер адам – Өзбекстан азаматы мерт болды, - деді Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 13 адамы мен 2 техникасы, полиция департаментінің 20 қызметкері мен 4 техникасы шықты.