Маңғыстау облысының әкімі ауысты

13 Маусым 2019, 18:35
2821
Бөлісу:
Маңғыстау облысының әкімі ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес, Серікбай Өтелгенұлы Трұмов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.

Серікбай Өтелгенұлы Трұмов

  • Туған жылы: 1964 жылы 3 маусым.

  • Туған жері: Атырау облысы.

  • Білімі: 1992 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдады.


1981-1990 жж – «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде әр түрлі қызметтерде болған;


1990-1994 жж – «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі; Қазақстан ЛКЖО Форт-Шевченко қалалық комитетінің бірінші және екінші хатшысы, оқу-өндірістік комбинатының оқытушысы;


1994-1995 жж – Түпқараған аудандық мәслихатының бас маманы;


1995-2004 жж – «Түпқараған» ЖШС жетекші инженері, бөлім бастығы, директоры;


2004-2006 жж – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі;


2006-2008 жж – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;


2008-2012 жж – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі;


2012-2015 жж – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі;


2015-2017 жж – Ақтау қаласының әкімі.


2017 жылы қараша айында 6 сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.


6-шы сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының №6 сайлау округінің депутаты.


2019 жылдың 13 маусымында мемлекет басшысының жарлығымен Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.


«Ерен еңбегі үшін», «ҚР Парламентіне 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»,  2016 жылы Орден «Құрмет» марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы