Маңғыстау облысында ақпан айынан бастап кәсіпкерлік скрининг жүргізіледі

12 Қаңтар 2019, 10:55
2199
Бөлісу:
Маңғыстау облысында ақпан айынан бастап кәсіпкерлік скрининг жүргізіледі

Астана, baq.kz. Маңғыстау облысында алдағы ақпан айынан бастап кәсіпкерлік скрининг жүргізіледі. Яғни арнайы топ ауыл-ауылды аралап, мал өсіріп, одан өнім алып отырған тұрғындарды анықтайды. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.

Бұл – шөлейтті өңірдегі ауыл шаруашылығын дамытып, тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған жоба. Тіркелген өнім өндірушілердің тізімі жасалып, үйдегі жұмысын бизнеске айналдырудың жоспары құрылады. Мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Жергілікті билік пен кәсіпкерлер палатасының бірлескен жобасын жүзеге асыру үшін алғашқы кезеңге қазынадан 50 миллион теңге бөлінді.

«Мұндай скрининг аймақтағы кәсіпкерлердің санын арттырып, көлеңкелі бизнестің алдын алуға мүмкіндік береді», – деді палата басшысы.

«Ауласында бақша егіп, құс бағып, оның жұмыртқасын базарға тапсырып, көкністі әртүрлі қабылдау пункттеріне тапсырып жүрген азаматтар өте көп. Солардың нақтылап, тізім жасап, олардың өнімдерін қабылдайтын пункттер ұйымдастыру. Бұл өнімдерді азаматтар өздерінің қабылдау пункттеріне тапсыруға мүмкіндік жасайды. Қабылдау пункттері арқылы ірі компанияларға не мекемелерге тапсырылады», - дейді Маңғыстау облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев.

Өзгелердің жаңалығы