Маңғыстау облысында 33 адам карантин талаптарын бұзған

31 Шілде 2020, 21:30
1345
Бөлісу:
Маңғыстау облысында 33 адам карантин талаптарын бұзған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин режимінің талаптарын бұзған адамдарды анықтау мақсатында Маңғыстау облысы аумағында рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев өзінің орынбасарларына карантин режимін сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында нақты тапсырмалар берді. 

Үш сағат ішінде 33 адамның карантин талаптарын сақтамай, бетпердесіз жүргені анықталды. Мәселен, 1 шағын ауданының көшесінде төрт адам ара қашықтықты сақтамай, топтасып тұрды. Жеке қорғану құралдарының да болмағаны белгілі болды. Осындай деректер қаланың кейбір аудандарында орын алды. 

Сонымен қатар Бейнеу ауданында да рейдтік шаралары кезінде той бұйымдарын сатумен айналысатын дүкен жұмыс жасап тұрғаны анықталды. Барлық жинақталған материалдар заңды түрде шешім қабылдау үшін тиісті бақылау мекемесіне жолданды. 

Ж.Бақтыбаевтың мәлімдеуінше, рейдтік шаралар үнемі өткізіледі. Бұл көптеген құқық бұзушылықтар мен пандемияның таралуына жол берілмеуінің алдын алады.
Өзгелердің жаңалығы