Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ7 «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» автожолынан күніне 7 мыңға жуық автокөлік өтетін болады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» Ұк»АҚ баспасөзқызметінен хабарлады.
Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар автожолдардың жалпы ұзындығы 1049 шақырымды құрайды. Биыл оның 158 шақырымы қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған. Ол «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы(Нукус)» автожолының 85 шақырымы және «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан шекарасы (Түрікменбашы)» автожолының 73 шақырымы.
«Жобаға сәйкес «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы (Нукус)» автожолын II-ші техникалық санатқа жеткізу көзделген. Қайта жаңарту жұмыстары екі учаскеде 0-63 және 63-85 шақырымдарында жүргізілуде.
Бүгінде учаскелерде айналма жолдарды салу мен құбырлардың құрылыс жұмыстары аяқталды. Бірінші учаскеде жол табанының жоғарғы және төменгі қабаттарын орналастыру, жол жабынын төсеу жұмыстары жасалуда. Екінші учаскеде жол жабыны толық төселді», - делінген компанияның хабарламасында.
Мамандардың пайымынша, қайта жаңартудан кейін «Бейнеу-Ақжігіт- Нукус» автожолының өткізу қарқыны 7 есеге артып, тәулігіне 7 мыңға жуық автокөлікті құрайтын болады. Осының арқасында аталмыш автожол «Құрық» портынан өтетін көлік транзитін ұлғайтуға ықпал етеді. Ал, бұл өз кезегінде Транскаспийлік дәлізі арқылы Өзбекстан және Орталық Азия елдерімен жаңа тасымал тораптарының ашылуына мүмкіндік береді.