Мақтааралда су тасқынына байланысты шұғыл штаб құрылды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтааралда су тасқынына байланысты шұғыл штаб құрылды, деп хабарлайды Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі.</h4> &nbsp;<br>

 2 Мамыр 2020 2020, 01:15
2 Мамыр 2020 2020, 01:15
2884

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтааралда су тасқынына байланысты шұғыл штаб құрылды, деп хабарлайды Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі.

Өзбекстан Республикасы ТЖМ шұғыл мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы 1 мамыр күні сағат 20.15-те Сардоба су қоймасы Қазақстан Республикасы аумағына су ағызуды тоқтатқан, - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданы әкімдігі Жантақсай ауылында орналасқан №16 орта мектепте шұғыл штаб құрды. Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жетісай және Мақтаарал аудандарында күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Қазіргі таңда жағдай қалыпты.
Наверх