Мақтааралда егістіктің 50%-дан астамы қалпына келтірілді

10 Маусым 2020, 06:31
1357
Бөлісу:
Мақтааралда егістіктің 50%-дан астамы қалпына келтірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Егістік алқаптарды қайта қалпына келтіріп, егін егу жұмыстарына көршілес Өзбекстан мемлекетінен жалпы 42 ауыл шаруашылығы техникалары көмекке келді, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оның ішінде 17 дана чизель, 13 дана дән сепкіш (сеялка), 11 дана жүйеаралық баптағыш агрегаты (культивартор) және 243,6 тонна тұқымдық шит жеткізілген.

Мақтаарал ауданы аумағында жалпы 994 агроқұрылымға тиесілі 5 695 гектар егістік жер тасқын судан зақымданған болатын.

Оның ішінде мақта – 3 939,4 га, қауын-қарбыз – 801,2 га, жүгері – 74,75 га, жоңышқа – 22,75 га, жеміс ағашы (шабдалы) – 4 га, қырыққабат – 2,22 га және агротехникалық шаралар атқарылған егістік жерлер – 850,64 га құраған.

Қазіргі таңда суы тартылған егістік жерлердің 3083 гектар қайта өңделіп, 3030,5 гектар аумаққа түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Атап айтқанда, мақта – 2 528,4 га, қауын – 146,25 га, жүгері –13,8 га, күріш – 342,1 га. Алдағы уақытта тасқын судан зақымданған егістік алқаптарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасатын болады.

Өзгелердің жаңалығы