Мақтаарал ауданында су басу қаупі бар елді мекендер айналасына бөгеттер тұрғызылуда

4 Мамыр 2020, 12:52
1345
Бөлісу:
Мақтаарал ауданында су басу қаупі бар елді мекендер айналасына бөгеттер тұрғызылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауданында су басу қаупі бар елді мекендер айналасына бөгеттер тұрғызылуда.

Атап айтқанда, Нұрлы жол елді мекені аумағында ұзындығы 2,5, биіктігі 1,5 болатын бөгет соғылды. Фирдоуси елді мекенінен Мырзакент елдімекеніне қарай 3 коллектор орналастырылды. Өргебас елді мекенінің аумағында ұзындығы 20 м, биіктігі 1 м болатын бөгет жасалса, Ырысты елді мекенінде биіктігі 0,5 м, ұзындығы 40 м бөгет соғылды. Сондай-ақ, Жантақсай елді мекенінің маңынан ұзындығы 800 м болатын бөгет тұрғызылды. 

Сонымен қатар, көрші Жетісай ауданында Қоғалы ауылының автомобиль жолының бойында ұзындығы 500 метрден асатын бөгет салу арқылы нығайту жұмыстары жүргізілуде (бөгет салуға 6000 дана қап пайдаланылған). Аталған жұмысқа 649 адам, 15 дана техника жұмылдырылған. Оның ішінде жергілікті әкімдіктен 13 техника, 15 адам, ТЖД 30 адам, Полиция департаментінен 4 адам, 2 техника және  600-ден астам ерікті бар. 


Өзгелердің жаңалығы