Мақтааралға жетісулықтардан екінші мәрте көмек керуені жетті

28 Мамыр 2020, 04:40
1766
Бөлісу:
Мақтааралға жетісулықтардан екінші мәрте көмек керуені жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Мақтаарал ауданына Жетісу өңірінен екінші мәрте гуманитарлық көмек келді. Бұл туралы "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметінен хабарлады.

Жуырда ғана аса қомақты көлемде гуманитарлық көмек жолдаған жетісулықтар бұл жолы да жомарттықтарын көрсете білді.
Бұл игі іс "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі А.Баталовтың бастамасымен қолға алынған. Бастамаға партияның белсенді мүшелері – халық қалаулылары, меценаттар атсалысып, 80 тоннадай жүк жіберіп отыр. Оның ішінде құрылысқа қажетті қызыл кірпіш, газоблок пен құрғақ қоспалар бар. Жомарттық жасаушылар қатарында бірқатар депутаттар бар.

Керуенді Мақтааралға шығарып салған «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев жетісулықтар Мақтааралмен бірге екенін, гуманитарлық көмек екінші мәрте жөнелтіліп отырғанын хабарлады.

Бұған дейін мамыр айының ортасында Алматы облысынан Мырзашөлге 260 тоннадан астам гуманитарлық көмек келген.



Өзгелердің жаңалығы