Мәжілісмендер Маңғыстау облысында энергия саласын дамытуды талқылады

3 Мамыр 2019, 22:36
1878
Бөлісу:
Мәжілісмендер Маңғыстау облысында энергия саласын дамытуды талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Маңғыстау өңіріне келіп, бірқатар нысандарды аралады. Халық қалаулылары алдымен "МАЭК-Қазатомпром" жұмысшыларымен кездесті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, комбинат Ақтау қаласы мен жақын маңдағы кенттердің тұрғындарын, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарын ауыз сумен және шаруашылық сумен, жылумен және электр энергиясымен жабдықтайды.

Комбинатта бүгінде 4000-ға жуық жұмысшы мен мамандар жұмыс істейді. Қазіргі уақытта комбинат 600 Мвт-тан астам электр қуатымен жұмыс істеу және тәулігіне 60 мың текше метрден астам дистиллят шығару мүмкіндігі бар.

Халық қалаулылары негізгі басым бағыттарға, оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру саласына баса назар аударып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ерекше мән беріліп келе жатқандығын алға тартты.

Әсіресе, Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықты әлеуметтік қолдау мәселеріне бағытталған бастамаларын заң жағынан қолдау жұмыстары жөнінде кеңінен баяндады Кездесуде еңбек ұжымы халық қалаулыларына өз-ұсыныстарын білдіріп, пікір алмасты.

"Барлығы біледі, Маңғыстау – мұнайлы өлке. Тұрғындардың басым бөлігі мұнай саласына жұмысқа тұрғысы келеді. Әрине, барлығына бірдей жалақысы жоғары жұмыс тауып беру қиын. Сол себепті басқа салаларға да көңіл аудару қажет", - деді Мәжіліс депутаты Сәкен Өтебаев .

Одан әрі депутаттар басқа да кәсіпорындарда болып, тұрғындарды жеке сұрақтамен қабылдады. 

 

Өзгелердің жаңалығы