Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасында 10 қараша күні мұз астына түсіп кеткен баланың жағдайы туралы айтты.
Оқи отырыңыз:
Бала жансақтау бөлмінен жалпы палатаға ауыстырылды, қазір дәрігерлердің бақылауында. Оған қатты суық өткен. Пневмония диагнозы қойылды. Қазіргі уақытта өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, - деді дәрігерлер.Естеріңізге сала кетейік, кеше Жетіқарада үш бала мұздың астына түсіп кеткен болатын. Екеуі қаза тапқан еді.