Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 сәуірде Мәскеу қаласында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевтің кездесуі өтеді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Тараптар кездесу барысында сауда-экономикалық, транзиттік-көлік, отын-энергетика, ғарыш салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кеңейту мәселелерін талқылайды. Аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығын дамыту келешегін қарау көзделген.
ҚР және РФ Үкіметтерінің басшыларының кездесуі шағын және кеңейтілген құрамдарда өтеді.