Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті Германиядан, Ресейден және Польшадан Қазақстанға ұшып келген ұшақтардың жолаушыларына 1406 немесе 103 нөміріне қоңырау шалуға өтініш жасалды.
Бұл туралы ведмоствоның Telegram парақшасында хабарланды.
Осы жылдың 10 наурызында сағат 02:45-те Франкфурт-Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында ұшып келген №0646 рейстің жолаушыларынан 1406 немесе 103 нөмірлеріне қоңырау шалуларын өтінеміз. Ауруға шалдыққандар саны - 1 адам. Ол медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауымен карантинде жатыр, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар 12 наурыз күні сағат 06:10-да Мәскеу-Нұр-Сұлтан бағытында қатынаған №SU-1956 рейсінің және 10 наурыз күні Варшава-Нұр-Сұлтан бағытындағы №195 рейсінің жолаушылары да 1406 немесе 103 нөмірлеріне хабарласулары қажет.