Мәскеу – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 53 жолаушы карантинде жатыр

14 Наурыз 2020, 13:11
1400
Бөлісу:
Мәскеу – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 53 жолаушы карантинде жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәскеу – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 35 жолаушы елордадан шығып кеткен.

Мәскеу – Нұр-Сұлтан рейсімен келген қазақстандық әйелмен бортта болған азаматтарға қатысты қолданылған шаралар туралы елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтып берді.
Бортта барлығы 89 адам болған. Олармен контакт жасады деген азаматтардың барлығы табылды.  35 жолаушы Нұр-Сұлтаннан шығып кеткен. Олардың 14-і Қазақстан ішінде болған. Сондықтан аймақтық әріптестерімізге, аумақтық денсаулық сақтау басқармаларына ақпарат берілді, - деді Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.

89 жолаушының ішінде 42 адам – Қазақстан азаматы, 42 адам – РФ, 1 адам – Нидерланды, 1 адам – Австралия,  1 адам – АҚШ, 1 адам – Украина, 1 адам – Мексика азаматы олып шықты.
Сондай-ақ 21 жолаушы Ресей территориясына ұшып кеткен. Нұр-Сұлтанда 54 жолаушы, олардың ішінде 53 азамат Нұр-Сұлтан қалалық стационарына жатқызылды. Бір адам РФ дипломатиялық рангі болғандықтан, РФ елшілігінің нотын көрсетіп, елшілік ғимаратында қалды. Қалған 53 жолаушыдан сараптама алынды, тест нәтижесін күтіп отырмыз, - деді Сәуле Қисықова ОКҚ брифинг барысында.

Дәл қазір Қазақстанда 6 адамда коронавирус расталды. Олардың екеуі Нұр-Сұлтанда, 4-еуі Алматы қаласында тіркелген.
Өзгелердің жаңалығы