Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 сәуір күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша WTI маркалы мұнайдың бағасы рекордтық көрсеткішке төмендеді, деп жазады ВВС.
Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,5 долларға немесе 5,3% - ға төмендеп, баррелі 26,58 долларға дейін түсті. Ал WTI маркалы америкалық мұнай 9,43 долларға немесе 51,6% - ға арзандап, баррелі 8,84 долларға түсті.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Мәскеу уақытымен 20:50-де американдық мұнайдың баррелі 0,9 долларға түсті. Ал 20:56-да рекордтық көрсеткішке төмендеп 0,01 долларға жетті.