МӘМС: Қор кез келген медициналық ұйыммен шарт жасауға дайын

13 Шілде 2020, 12:34
1675
Бөлісу:
МӘМС: Қор кез келген медициналық ұйыммен шарт жасауға дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қордың стационарлық қызметтерге ақы төлеу тарифтерін көтеру мәселесі қарастырылды. Коронавирус бойынша стационарлар жеке клиникалар да ұйымдастырылады. Бұл жөнінде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.


Бүгінде стационардағы коронавирус бойынша әрбір ем төсек-күндер үшін бекітілген тарифтер бойынша төленеді. Яғни, карантиндік – 10,4 мың теңге, провизорлық – 11,6 мың теңге, инфекциялық – 15,1 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, медициналық ұйымдарда қолданылған вирусқа қарсы препараттарды бөлек төлем жасалады.

Қор өкілінің айтуынша, жаңа стационарларды ашу үшін қаражат бар. Қор қысқа мерзімде жаңа өнім берушілермен шарт жасауға дайын отыр. Тек жаңа стационарларды ашуға өңірлік әкімдіктердің шешімі және медициналық ұйымдардың ынтасы қажет.
Медициналық ұйымдардың атына стационарларда емдеу тарифтерін арттыру мәселесі көтерілді. Себебі олар басқа да шығындарды қамтуы тиіс. Қазіргі уақытта стационар түріне байланысты тарифтер 10-нан 15 мың теңгеге дейін құрайды. Есеп айырысуларды есепке ала отырып, жаңа әзірленген, әрі пациенттің реанимацияда болуы жеке тариф бойынша төленетін болады. Бұйрық жергілікті атқарушы органдармен келісілген және келісу шаралары жүргізіліп жатыр. Қор коронавирусты емдеу бойынша кез келген медициналық ұйыммен, оның ішінде жеке клиникалармен шарт жасауға дайын. Ең бастысы-аймақтың денсаулық сақтау басқармасының келісімі болуы тиіс, - дейді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ  басқарушы директоры Досым Еңкебаев.

Сондай- ақ, енгізілген өзгерістер бойынша  провизорлық емдеуге жатқызу тарифі 1 төсек-күнге 21,9 мың теңгеден астам, тәулік бойы стационарларда емдеу жағдайы үшін тариф – 32,2 мың теңгеден астам, науқастың анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде болуы үшін тариф – 1 төсек-күнге 70 мың теңгені құрайтын болады. Мұнан бөлек, БМСК мобильді бригадасының қызметтеріне қарастырылған тариф құны - 1 шақыру үшін 5 500 теңгеге белгіленді. 

Бұл шаралардың нәтижесінде өңірлерде жаңа ауруханалар құрылады, науқастарды коронавирустан емдейтін стационар қатары  артады.
Қор арқылы COVID-19-ның таралуына жол бермеу мен емделу жөніндегі қызметтерді ұсынуға 56 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның ішінде, ауруханаларға ақы төлеу, жәрдемақы және ПТР тестілеу үшін жасалған төлемдер бар. Мамыр айында медициналық ұйымдарға  36 млрд теңге төленді. Ал маусым айында алдын ала бағалау бойынша игеру 45 млрд теңгені құрады. Жалпы, Қор шамамен 15 млрд теңге сомаға 99 медициналық ұйыммен  коронавирусты емдеу бойынша келісім-шарт жасаған.




Өзгелердің жаңалығы