МӘМС: Қорға 24 млрд теңгеден астам қаражат мемлекет есебінен түскен

20 Ақпан 2020, 13:06
1952
Бөлісу:
МӘМС: Қорға 24 млрд теңгеден астам қаражат мемлекет есебінен түскен
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі күні 17 миллионға жуық қазақстандық міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысып отыр. Яғни, халықтың 90%-дан астамы – МӘМС бойынша сақтандырылған.

Осы 1 айдың ішінде  ең көп жарна , яғни 24 млрд теңгеден астам қаражат мемлекет есебінен түскен. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлім етті. 
Қазіргі уақытта Қазақстан халқының 90%-нан астамы, яғни 17 млн адам МӘМС қатысушылары болып саналады. Оның ішінде 11 млн-ға жуық азамат жеңілдік берілген 15 санатқа кіреді. Олар үшін жарналарды мемлекет жүзеге асырады. 2020 жылдың қаңтар айында МӘМС үшін жарна және аударымдар ретінде 34,2 млрд теңге аударылды. Ең көп жарна - 24 млрд теңгеден астам қаржы мемлекет есебінен түсті,- деп айтты Айбатыр Жұмағұлов.
Бұдан басқа, ол бүгінгі таңда байланыс орталығына азаматтардан 37 мыңнан астам өтініш, шағымдар келіп түскенін хабарлады.
2019 жылдың қыркүйегінен бастап 1406 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істей бастады. Бүгінгі таңда байланыс орталығына азаматтардан 37 мыңнан астам жолданымдар келіп түсті, олардың 97%-ы кеңес алу, 3%-ы - шағымдар мен арыздар болды, - дейді Медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы.
Өзгелердің жаңалығы