Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Əділ Мұхамеджанов «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде меморандумға қол қойды.
Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Əділ Мұхамеджанов ҚР Үкіметінің 2014 жылы 23 қыркүйектегі N-1003 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде әрекет ете отырып, 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде меморандумға қол қойды.
Аталған келісім аясында компания министрлік ұсынған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысушы азаматтарға сатып алу құқығымен жалдамалы пəтер береді.
Өз кезегінде Мəдениет жəне спорт министрлігі компанияға қажетті тізімді əзірлеу үшін министрлік пен бағынысты мекемелердегі қызметкерлерден тізімді іріктеу бойынша жұмыс жүргізеді.
Компания келісімшартта көрсетілгендей азаматтарды сатып алу құқығы бар жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етеді.