Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Республика мектептерінің оқушылары ұстаздарды атаулы мерекелерімен құттықтады.
Оқи отырыңыз:
Өздеріңіз білетіндей, қазан айының алғашқы жексенбісінде Мұғалімдер күні мерекеленеді. Осыған орай, еліміздің әр аймағындағы мектеп оқушылары ұстаздарын айтулы мерекемен құттықтап, видео жолдады.
Айта кетейік, бүгін мерекеге орай «Үздік ұстаз-2020» республикалық байқауының үздіктері салтанатты шарада анықталды. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жеңімпаздарды төсбелгімен және сыйақымен марапаттаған болатын.