Астана, BAQ.KZ. Ұлыбритания тұрғыны 11 жыл бойы құлағындағы оқпен өмір сүріп келген. Ол осы жылдар ішінде құлағының нашар еститініне шағымданып келген. Бұл жөнінде Daily Mail басылым жазады.
28 жастағы Джейд Харрис құлағы нашар еститіндіктен, теледидарды жоғарғы дауыспен көріп, өзі қатты дауыспен сөйлеуге әдеттенген. Оның таныстары мұның қатты сөйлеу және бір сөзді бірнеше рет қайталап сұрайтын әдетіне қатысты түрлі қалжың айтқанымен, оған дәрігерге қаралуына кеңес беріп келген. Алайда, дәрігердің көмегіне жүгіну сәті араға жыл салып түседі.
2018 жылдың шілде айында Харрис оң құлағына су кіріп кетуіне байланысты маманның тексеруінен өтеді. Дәрігерлер оның сол құлағын да тексеріп, құлақ ұяшықтарын құлықтан тазарту бойынша процедурадан өтуге кеңес береді.
Қабылдау барысында дәрігер құлақты қайта қарап, оның ішінде құлық емес, бөгде зат тұрғанын байқайды. Арнайы құралдың көмегімен мамандар бөгде затты шығарып алады.
Анықталғандай, 11 жыл бойы Харристің құлағын пластик оқ бітеп келген.
«Оқ түскен сәттен бастап менің есту қабілетім жақсарғанын байқадым. Тіпті, өз дауысым өзіме өзгеше естілді. Ең кереметі – жел дыбысын естідім», - дейді Харрис.
Ол пластик оқты көрген сәтте осыдан 11 жыл бұрын үйіне достарын шақырып, олармен ойыншық тапаншамен оқ атып ойнағанын еске түсірген.
«Оқтың бірі үстелде тұрған стақанға тиіп, одан соң менің құлағыма тигенін білемін. Алайда, ол оқ еденге құлағандай болып көрінген. Мен құлағымның ауырғанын оқ соққысынан болған шығар деп жорамалдадым», - дейді ағылшын әйел.
Енді Харристің есту қабілеті толықтай қалпына келеді.