Алматы, BAQ.KZ. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон жексенбі күні ауруханаға жатқызылды. Бұған дейін оның инфекция жұқтырғаны хабарланған еді.
Үкімет басшысының канцеляриясы таратқан мәліметте, бұл сақтық шаралары үшін жасалғаны айтылады. Осыдан он күн бұрын премьер-министр коронавирусқа қарсы тест жасатып, ол оң нәтиже көрсеткен.Кейбір ақпарат көздері оны қолдан демалдыру аппаратына жатқызылатынын хабарлауда.
Борис Джонсонның жүкті қалыңдығы Керри Саймондста инфекция жұқтырған. Сондай-ақ Уэльстік Чарльз ханзада мен Денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок та коронавирус жұқтырып, қазір жазылған.
Соңғы мәлімет бойынша, Ұлыбританияда қауіпті індеттен өлгендер саны бес мыңға жеткен, барлығы 48 мыңдай адам жұқтырған.