Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Букингем сарайы Елизавета II патшайымның әлеуметтік желілердегі парақшаларын жүргізетін SMM-маман іздейтінін хабарлады, деп жазады Massaget.kz.
Нақтырақ айтсақ, парақша инстаграм, твиттер және фейсбук желілерінде болады. Маманға жылына 45 000 -50 000 фунт аралығында еңбекақы төленеді. Жылына 1 рет 33 күндік еңбек демалысын ала алады. Бұған қоса, тегін түскі ас ұсынылады.Маман корольдік отбасының түрлі елдерге жасаған сапарлары туралы, үйлену тойлары мен туған күндері жөнінде жазып, ақпарат таратып отырады.