Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Луврдың асыл бұйымдары енді Францияның алтын қорымен бірге сақталады

26 Қазан 2025, 13:52
396
Бөлісу:
 Stephane De Sakutin/AFP
Фото: Stephane De Sakutin/AFP

24 қазан, жұма күні таңертең Луврдың зергерлік бұйымдар жинағының бір бөлігі қауіпсіздік мақсатында полицияның арнайы күзетімен Франция банкі қоймаларына жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы француздың RTL радиостанциясы хабарлады.

Драгоценностер толық құпиялықта және ең жоғары қауіпсіздік шараларымен тасымалданған. RTL-дің мәліметінше, Луврдың зергерлік бұйымдарының бір бөлігі Париж полициясы префектурасының моторлы конвойының сүйемелдеуімен әлемдегі ең ірі музейдің көрме залы мен Франция банкі қоймасы арасындағы небәрі 300 метрді еңсерген.

Радиостанцияның мәлімдеуінше, төрт қылмыскер жасаған батыл тонаудан кейін бес күн өткен соң мемлекет пен музей басшылығы қауіпсіздік жүйесіндегі олқылықтар анықталғанша, тәуекелі нөлге тең шешім қабылдаған.

Қай бұйымдар жеткізілгені нақты белгісіз, бірақ RTL дереккөзіне сүйенсек, олар "тәж киюге арналған әшекейлер" деген атаумен оралған топтама болған. Бұл бұйымдар бұған дейін Аполлон галереясында және Луврдың басқа залдарында сақталған.

Енді бұл қазыналар Франция Ұлттық банкінің басты қоймасында – жер астынан 26 метр тереңдікте орналасқан алып сақтау орнында сақталады. Радиостанция мәліметінше, дәл осы жерде Францияның алтын қорының 90 пайызы да орналасқан.

Осы қоймаларда бірнеше жылдан бері Леонардо да Винчидің 600 миллион еуродан астамға бағаланған «Жазба дәптерлері» де сақталып келеді.

Ал ұрланған сегіз тарихи зергерлік бұйымның жалпы құны 88 миллион еуро деп бағаланған.

Бұған дейін Голливуд актері Джордж Клуни Луврды тонаған ұрыларға қатысты әзілдеп, олардың "бар болғаны жеті минутта тонау жасағанына мақтанатынын" айтқан болатын. Ал Париж полициясы нақты уақыт төрт минут болғанын нақтылады.

Өзгелердің жаңалығы