Париж прокуроры Лор Беконың айтуынша, әйгілі Лувр мұражайындағы тонау ісіне жүзден астам тергеуші тартылған. Бұл туралы ол Le Journal du Dimanche басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бастапқыда тергеуге шамамен 60 адам қатысқан еді, бүгінде олардың саны 100-ден асты. Бұл – әдеттегі істермен салыстырғанда ресурстардың он есе артуын білдіреді, - деді прокурор.
Тергеушілер қылмыс орнынан 150-ден астам ДНҚ үлгісін, саусақ іздерін және өзге де дәлелдерді жинаған.
Еске салайық, 19 қазан күні таңертең белгісіз бір топ адам Луврдың “Аполлон галереясына” басып кіріп, тоғыз зергерлік бұйымды ұрлап кеткен. Олардың қатарында Наполеон ІІІ-нің жұбайы императрица Евгенияның тәжі де бар. Тәж кейін көшеден сынған күйінде табылған.
Алдын ала есеп бойынша, тонаудан келген залал 88 миллион еуроға бағалануда.
Франция Мәдениет министрлігі ұрланған жәдігерлердің ресми тізімін жариялады. Онда Голландия патшайымы Гортензия де Бохарн мен француз патшайымы Мария Амалияға тиесілі тиара, алқа мен сырғалар, сондай-ақ императрица Мария-Луизаның жұп сырғалары мен “реликті брошь” бар.
Қазіргі уақытта күдіктілер іздестіріліп жатыр.