Луврдағы ұрлық оқиғасы фильмге айналмақ

Луврдағы резонансты тонау экранға жол тартпақ. Америкалық режиссер ұрлық туралы триллер жанрының элементтерімен түсірілетін деректі фильм әзірлеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ BILD-ке сілтеме жасап.

 Benoit Tessier/Reuters 22 Қараша 2025 2025, 07:47
22 Қараша 2025 2025, 07:47
535
Фото: Benoit Tessier/Reuters

Луврдағы резонансты тонау экранға жол тартпақ. Америкалық режиссер ұрлық туралы триллер жанрының элементтерімен түсірілетін деректі фильм әзірлеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ BILD-ке сілтеме жасап.

Фильм нақты уақыт форматында тонаудың тергелу барысын, қылмыскерлерді іздестіру процесін және ұрланған зергерлік бұйымдардың мүмкін болатын «маршруттарын», қара базардан бастап Антверпендегі гауһар саудасына дейін көрсетеді.

Жобаны америкалық режиссер Ар Джей Катлер мен француз деректі фильм авторы Лоран Бузеро қолға алған. Олар көрерменге true-crime жанры мен триллерді тоғыстыратын, полиция жұмысының егжей-тегжейін ашатын фильм ұсынуды жоспарлап отыр. Картинада куәгерлердің, музей қызметкерлерінің және қала тұрғындарының пікірлері де қамтылады.

Еске сала кетейік, 19 қазанда құрылысшылардың киімін киген төрт қарақшы мұражайға жылжымалы лифт арқылы кіріп, шамамен 80 млн еуро тұратын зергерлік бұйымдарды ұрлаған. Қазір бірнеше күдікті ұсталғанымен, ұрланған әшекейлер әлі табылған жоқ. Тергеу басқа қатысушылар мен ұйымдастырушыларды іздеуді жалғастырып жатыр.

Наверх