Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Луврдағы еңбек жағдайына наразылық: 15 желтоқсанда ереуіл басталады

Бүгiн, 05:18
162
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Париждегі Лувр мұражайында қызметкерлердің еңбек жағдайына байланысты ереуіл жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.

Наразылық акциясы 15 желтоқсанда басталады деп хабарланды. Кәсіподақтар қызметкерлердің жетіспеушілігі, техникалық проблемалар және мұражай үй-жайларының тозуына назар аударды.

CFDT-CGT және басқа кәсіподақ өкілдерінің айтуынша, персонал "үнемі өсіп келе жатқан ауыртпалық пен қатаң басқарудан, қарама-қайшы нұсқаулардан зардап шегеді". 26 қарашада Лувр кітапханасының египтология бөлімінде су ағып, 300-400 ежелгі құжат зақымданған. Қызметкерлер бірнеше жыл бойы гидравликалық жүйені жөндеуді сұрағанымен, ескерілмеген.

Сонымен қатар, SUD-Culture кәсіподағы Луврға жаңа кіреберіс пен залдар салу жобаларын тоқтатуға және қаржыны мұражайды қалпына келтіруге бөлуді талап етті.

Өзгелердің жаңалығы