Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 ақпаннан бастап "Lufthansa" неміс әуекомпаниясы аптасына 2 рейс жиілігімен Франкфурттан Нұр-Сұлтан мен Алматыға бағыты бойынша Қазақстанға рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
Ағымдағы жылғы 7 ақпаннан бастап "Lufthansa" неміс әуекомпаниясы А330 әуе кемесінде аптасына 2 рейс жиілігімен Франкфурттан Нұр-Сұлтан мен Алматыға бағыты бойынша Қазақстанға рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
Франкфурт - Алматы бағыты бойынша рейстер дүйсенбі және бейсенбі күндері, ал Алматы - Нұр-Сұлтан - Франкфурт бағыты бойынша рейстер сейсенбі және жұма күндері орындалатын болады.
ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.