Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Лудомания әскерге жетті. ЖИ сарбаздар проблемасын шеше ала ма?

Олжас АДАЙ
Бүгiн, 11:30
150
Бөлісу:
VIDEO

Қазақстанда әскер тақырыбы қайтадан алдыңғы қатарға шықты. Қауіпсіздік, сарбаз өлімі, әлімжеттік, лудомания, цифрландыру — қоғамда қойылып жатқан сұрақ көп, ал жауап аз. Әсіресе жастар арасында "әскерге бару" мәселесі сенім емес, күмән тудырып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы өзекті сұрақтарға жауап алу үшін BAQ.KZ тілшісі Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевпен сұхбаттасты. Әңгіме әскердегі қауіпсіздік, жаңа бақылау тетіктері және жастарды ынталандыру жайында өрбіді.

Әскердегі қауіпсіздікті 100% ету мүмкін бе?

Қорғаныс министрінің орынбасарының айтуынша, әскердегі қауіпсіздікті арттыру – Қорғаныс министрлігінің басым бағыттарының бірі. Қазіргі таңда әскери бөлімдерде бейнебақылау жүйелері кеңейтіліп, деректерді орталықтандырылған бақылау механизмдері енгізілуде.

Цифрландыру мен жасанды интеллект – қауіпсіздікті арттырудың маңызды құралы. Бірақ ешбір технология адам факторын толық алмастыра алмайды. Сондықтан бақылау, профилактика және тәрбие қатар жүруі керек, – дейді ол.

Жастарды әскерге қалай тартамыз?

Қоғамдағы "көшеден алып кету" деген түсінікпен министрлік келіспейді. Дархан Ахмедиевтің айтуынша,  әскер тек міндет емес, нақты мүмкіндіктер ұсынатын институтқа айналып келеді.

Оған мысалы:

  • тегін білім алу мүмкіндігі
  • ҰБТ-сыз грант
  • кәсіби және техникалық дағдылар
  • әлеуметтік лифт ретінде әскер

Осы бағытта ата-аналармен және жастармен тікелей коммуникация күшейтіліп жатыр.

Вице-министр қазіргі жастар теледидардан гөрі цифрлық платформаларды тұтынатынын мойындайды. Сондықтан Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерге арналған қысқа форматтағы видеолар мен визуалды контентке басымдық беруді жоспарлап отыр.

Сұхбат барысында ең ауыр тақырыптардың бірі – сарбаз өлімі мен құмар ойынға тәуелділік мәселесі қозғалды. Дархан Ахмедиев лудомания әскерден тыс ортада қалыптасқан проблема болуы мүмкін екенін айтады.

Ахмедиев жастарды әскери борышты формалды міндет емес, азаматтық жауапкершілік ретінде қабылдауға шақырды.

Толық видеоны төмендегі сілтемеден көре аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы