Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осыдан бұрын хабарлағанымдай, өткен аптада тиісті мемлекеттік органдар жаңа заң жобаларының тұжырымдамасын арнайы интернет-порталда жұртшылықтың талқылауы үшін жарияланған болатын.
Ал, ақпанның 10-ы күні жаңа заң жобаларының тұжырымдамалары Ақпарат және қоғамдық даму мен Әділет министрліктері жанындағы Қоғамдық кеңес алаңында талқыланды. Талқылауға сарапшылар мен Ұлттық кеңестің бірқатар мүшелері қатысты.
Парламенттік оппозиция мен Қылмыстық кодекстің 130 мен 174 баптарына қатысты бастамаларды жүзеге асыру жұмыс үстінде. Қазіргі уақытта Ұлттық кеңестің кезекті 3-отырысының өткізілу уақыты мен күн тәртібі пысықталуда, - деп жазды Ерлан Қарин Facebook-тағы парақшасында.