Ұлттық банк жеңілдікпен несиелеудің жаңа бағдарламасын іске асырады

23 Сәуір 2020, 12:30
1604
Бөлісу:
Ұлттық банк жеңілдікпен несиелеудің жаңа бағдарламасын іске асырады
Президенттік қолдау

Нұр-Сұлтан, BАQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментiнiң директоры Шыңғыс Ахметов онлайн брифинг барысында айтты.

Тағы бір маңызды мәселе, кәсіпкер несие алу үшін банкке жүгінгенде оның кепілі жеткіліксіз болуы мүмкін. Осы мәселені шешу мақсатында мемлекет тарапынан кепілдендіру берілетін несиенің мөлшері 360 миллион теңгеден 1 миллиард теңгеге дейін ұлғайып отыр. Осындай несиенің мемлекет тарапынан берілетін кепілдендіру мөлшері 50 пайызды құрайды. Ал, 360 млн теңгеге дейін берілетін несие бойынша мемлекеттік кепілдендіру 85 пайызды құрап отыр, - деді ол. 

Департамент директоры "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы да кәсіпкерлерді қолдаудағы маңызды бағдарламалардың бірі екеніне тоқталды.
Екінші маңызды бағдарламаның бірі – "Қарапайым заттар экономикасы". Бұл бағдарламаның негізгі міндеті – ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыру, бәсекеге қабілетті өңдеуші өнеркәсіпті ынталандыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру, халық тұтынатын тауарлар номенклатурасын кеңейту. Бұған біз тоқыма бұйымдары, жиһаз, тамақ өнімдерін өндіру және т.б. салаларды жатқызамыз. Бұл бағдарламаның импортты алмастыруға бағытталғанын ескере отырып, бағдарлама шеңберінде салалық шектеулер сақталған. Бірақ, осы бағдарлама шеңберінде қолданылатын салалар тізімін кеңейттік, - деді ол.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бағдарлама бойынша жобаларды қаржыландыру үшін жалпы несиелеу көлемі 1 трлн теңгеге дейін ұлғайған. Бұрын бұл бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражат көлемі 600 млрд теңге болатын. 
"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша несиенің 5 млрд теңгеге дейін кепілдендіру мөлшері 30 пайызды құрайды. Егер қаржыландыру сұранысы 3 млрд теңгеден аспайтын болса, мемлекет тарапынан берілетін кепілдендіру 50 пайызды құрайды. Осы бағдарлама шеңберінде де соңғы қарыз алушы үшін несие құны 6 пайыздан аспайтын болады, - деді директор. 

Шыңғыс Ахметовтың мәлімдеуінше, аталған шаралармен қатар, ҚР Ұлттық банкі төтенше жағдай кезінде зардап шеккен ШОБ жеңілдікпен кредиттеудің жаңа бағдарламасын іске асыруға кірісті. Осы мақсатқа 600 млрд теңге бөлінбек. Несие бір жылға дейін 8 пайыз мөлшерлеме бойынша айналым қаражатын толықтыруға беріледі.



Өзгелердің жаңалығы